8-707-808-48-55
7.06.2018, 15:43
Оқылды: 200
Ақсайда қала тұрғынын белгісіз біреу пышақтап кетті

Ақсай қаласында қанды оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, белгісіз біреу бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында 10-шағынаудандағы үйдің кіреберісінде (подъезінде) қала тұрғынын пышақтап кеткен.

Жедел жәрдем шақыртқанымен, ол оқиға орнында қайтыс болып кеткен. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне берілді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм валюта айырбастаумен айналысқан көрінеді.

Оқиға орнында Орал қаласынан келген криминалистер де жұмыс жасады.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпараттың прокуратурамен келісуге жіберілгенін, кейін берілетінін жеткізді.

zhaikpress.kz

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру