7.08.2018, 18:12
Оқылды: 44

Ақсайда қалдық жанып жатыр

 Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиевтің сөзінше, биыл «ҚПО б.в.» инвестициясының есебінен Ақсай қаласындағы 120-пәтерлі үйдің, сонымен бірге Кеңтүбек және Пугачев  ауылдарында жаңа үйлердің құрылысы аяқталды.

DSC_0621

Жеке тұрғын үй құрылысына қала маңынан 1100 учаске берілмек. «Қарашығанақ-1» шағынауданында екі 9 қабатты үйдің құрылысы жоспарлануда. Ақсай тұрғындарын мазалайтын мәселенің бірі – қаладан үш шақырым жерде орналасқан қалдықтар полигонының жануы. 1986 жылы салынған полигон алаңы санитарлық ережелерге сәйкес келмейді, қалдықтарды сұрыпталмайды. Аудан әкімі Санжар Әлиев қалдықтарды ешкім жағып жатпағанын ескертті. Полигонның санитарлық жағдайына жауапты «Горкомхоз» кәсіпорны қазіргі уақытта мүлдем тұралаған. Соған байланысты конкурстық рәсімдер жүргізіліп, полигон алаңын күтімге алып, қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын анықталуда. Биыл бықсыған қалдықты өшіру үшін су құйылмайды. Дымқыл әсерінен органикалық заттардың жануы күшейтіндіктен,  оның орнына топырақ себілмек.

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы құны 302 млн 476 500 теңге болатын  10  жоба іске асырылуда. Соның ішінде ең ірі жоба – Ақсай қаласындағы «Наурыз» саябағын абаттандырылуда. Қазіргі таңда аудан кәсіпкерлері қаражаты есебінен аталған саябақтағы шамдар толықтай жаңаланып, архитектуралық пішіндер орнату, жүгіру жолын төсеу, бақылау камераларын қою жүргізілуде. Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «АИР Group», «НазТур» және «Аксайбизнесстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері Ақсай қаласының Западная көшесінің 400 метрін жеке қаражаттарының есебінен жаңа технология бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде, ол қазіргі қолданып жүрген технологиялардан 2,5 есе арзан.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале