28.04.2017, 19:40
Оқылды: 61

Ақсайда құрылысшы 9-қабаттан құлап, қаза тапты

27 сәуірде сағат 19.30 шамасында 1988 жылы туған жұмысшы құрылыс нысанында қаза тапты, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі. 9-қабаттан құлаған марқұмның Өзбекстан елінің тумасы екені анықталды.

Ақсай қаласындағы 10-шы шағынауданда салынып жатқан 9 қабатты үйдегі оқиғаға марқұмның техника қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған. Өзбекстандық азамат 26 сәуірде ел шекарасынан өтіп, ҚР ресми түрде тіркелген.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған құрылысты жүргізуші «Губинал» ЖШС қосалқы мердігер компаниясы екені анықталып, бұл туралы облыстық Еңбек инспекциясына хабар берілді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале