31.03.2017, 11:34
Оқылды: 61

Ақсайлық тұрғын алаяққа алданып қалды

Бұл туралы Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлайды.

1965 жылғы Орал қаласының тұрғыны 1976 жылғы ақсайлық тұрғынға жер сатып алуға жәрдемдесемін деген. Жер мәселесін еш қиындықсыз шешіп беремін деген алаяққа сенген жәбірленуші оған 1миллион 500 мың теңгесін ойланбастан береді. Алайда жердің де, ақшаның да жоқтығын сезіп полиция бөліміне хабарласқан.

Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері алаяқты ұстады. Ол барлық қылмысын мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде .

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале