24.01.2020, 9:55
Оқылды: 68

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

USA (2)

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.

USA (1)

Сонымен қатар елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды, деп жазады ҚазАқпарат.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале