22.08.2019, 15:59
Оқылды: 170

Ақтөбеде «Qarǵaly fest - 2019» халықаралық фестивалі өтеді

Ақтөбе қаласында «Green land» демалыс базасының аймағында 24 тамыз күні «Qarǵaly fest - 2019» жыл сайынғы халықаралық туристік фестивалі өтеді.

Qarǵaly fest

Негізгі мақсаты ішкі және сыртқы туризмді дамыту, өңірдің туристік әлеуетін насихаттау, көршілес өңірлер арасындағы байланысты кеңейту. Фестивальде түрлі мәдени, ойын-сауық іс-шаралары өткізіледі. Байқаулар мен ойындар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қолөнершілердің көрмесі ұсынылады. Қазақстандық әртістердің концертін тамашалай аласыз.

Айта кетейік, қонақтар үшін 24 тамыз Орал қаласынан (П.Атоян ат. стадион) фестиваль өтетін жерге дейін әрі кері қайтуға тегін трансфер ұйымдастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале