7.12.2018, 16:22
Оқылды: 170

Ақын Ғайсағали Сейтақтың «Отаным, Орда, Оралым» атты кеші өтті

Орал қаласында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Ғайсағали Сейтақтың «Отаным, Орда, Оралым» атты шығармашылық кеші өтті.

aqyn (9)

  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен шараның шымылдығын облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев ашып, ақынға ақжарма тілегін жеткізді. Кеш барысында Нарынның нар ұлының сөзіне жазылған «Әнші жарының аманаты», «Анаға хат», «Жайықта Шарабасов біреу ғана», «Желтоқсан қырандары», «Жайнай бер, Тасқала», «Астана» секілді әндерді Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қ.Қожақов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Д.Есентеміров, ҚР Мәдениет саласының үздігі М.Хайдарова секілді өнер иелері нақышына келтіре орындады.

         Әдеби кештің мазмұны ақынның өз өлеңдерін оқуымен айшықталды. Сондай-ақ студенттер Ә.Аманжолов, А.Бақиев, Е.Қалижан мен БҚМУ түлегі О.Меңдіқұлов ақын ағасына арнаған өлеңдерін оқып, кеш иесінің мерейін асырды. Ал М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дағы филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Мүтиев, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Сабыр, «Қазақ тілі қоғамы» облыстық филиалының төрағасы Б.Жексенғалиевтер ақын шығармашылығының маңыздылығына тоқталса, ақын-ұстаз Д.Мұштанова үзеңгілес досына үкілеп алып келген жырларын оқыды. Сонымен қоса ақын З.Сейсенғали Ғайсағали Сейтақ туралы естелігімен бөлісіп, Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшиннің Алғыс хатын берді.

         Шара соңында кеш иесі ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жыр жинағын табыстады.

aqyn (3) aqyn (4) aqyn (5) aqyn (8) aqyn (12)

Гүлсезім БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале