18.01.2017, 16:35
Оқылды: 24

Ақын Қайрат Жұмағалиевтің 80 жылдығына орай жыр мүшәйрасы жарияланды

Кайрат Жумагалиев   Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына және белгілі қаламгер Қайрат Жұмағалиевтің 80 жылдығына орай «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланды.

  Жыр бәйгесіне ұсынылатын шығармалардың негізгі тақырыбы: «Қазақтың Қайраты» - ақынға арнау,  Нарын мен Жайық арасы; батыстағы баспасөз - облыстық газеттердің 100 жылдығы; еркін тақырып. Өлең додасына жас ерекшелігіне қарамастан, еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған үш өлеңін ұсынады. Авторлар өлеңдерінің электронды және қағаз түріндегі нұсқасын және толық аты-жөндерін, өздері жөніндегі мәліметтерді қоса жазып, 2016 жылдың 1 маусымына дейін жіберуге міндетті. Өлеңдер ақынның сөз тапқырлығы, мағынасының тереңдігі, шумақ ұйқасының күрделілігі, тақырыптың ашылуы, ой мен қиялдың ұшқырлығы, идеялық мазмұнына қарай бағаланады. Қазылар алқасының шешімімен мүшәйра жеңімпаздары анықталып, ұйымдастыру алқасы дайындаған дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады: Бас  жүлде - 100 мың теңге (біреу), І, ІІ, ІІІ жүлде және ынталандыру сыйлықтары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале