5.08.2020, 19:25
Оқылды: 126

Ақын Марлен Ғилымханға облыс әкімінің алғысхаты табысталды

Бүгін Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев бөлімнің ұйымдастыруымен өткізілген қазақ поэзиясының алыбы, Қазақстан халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған жас ақындардың облыстық онлайн жыр мүшәйрасында бас жүлдеге ие болған жас ақын Марлен Ғилымханды қабылдады.

61C7ED7F-341D-4428-8D2F-DA96AC9A13D9

Өңірімізде карантин кезінде тұрғындардың бос уақытын тиімді де мағыналы ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға белсенді қатысып, үй жағдайында жан-жақты даму жолында ізденіспен еңбек етіп, үлгілі нәтиже көрсеткені үшін Марлен Ғилымханды Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтың алғысхатымен марапаттады.

Қалалық мәдени-ағарту бірлестігінен алынған мәліметке сүйенсек, бөлім басшысы Серік Қайрлиев жас ақынның шығармашылық жолына сәттілік тілеп, арнайы сыйлықты табыс етті.

Бас жүлдеге ие болған жас ақын М.Ғилымхан өз кезегінде бөлім басшысына алғысын білдіріп, табыс тіледі.

Бұған дейін де бірнеше дүркін республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері ретінде танымал Марлен Ғилымхан өткен жылы «Мәдениет» порталы ұйымдастырған жастар арасындағы «Семсер» әдеби сыйлығын ұтып алған болатын.

Ақын М.Ғилымхан бүгінде Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері болып қызмет атқарады.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале