28.07.2020, 18:03
Оқылды: 710

Ақын Шолпан Қыдырниязованың сиясы кеппеген «Тәрбие сағаты»

Ел-жұртқа айтары бар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы, дәстүрлі айтыс өнерінің ақберені Шолпан Қыдырниязова сиясы кеппеген «Тәрбие сағаттарын» қалың көпшілікке ұсынады.

CD033F63-590D-4A20-AA6E-7C86D0ED5266

Сөзің – өзің. Артық сөз артық салмақ сияқты, ауру шақырады. Күйік сөз айтпа, күйдірер, биік сөз айт, бидің басын идірер.

Әкеңді тыңда. Өкпек жел өкпе талдырар, өктем сөз көңіл қалдырар, өктемдік қамшы салдырар, оқыс соққы сал қылар.

Әкеңді тыңда. Түртпектеу түбі – төбелес, төбелес- көп егес. Қайралған қанжар шаншылар, жазықсыз жан жаншылар.

Анаңды тыңда. Күндестік күйретер, үндестік үлгі үйретер. Табандылық – жеңіс пен жеміс, жаман қылық – кем іс. Жақсы болып көрінуге тырыспа, жақсы бол.

Анаңды тыңда. Өзгені жамандап өрлемейсің, төркініңді жамандап төрлемейсің. Досты даттау – сыйластықты таптау.

Биікті армандасаң, баспалдақты бағала. Ертең қайтып алатын сөзді бүгін айтпа.

Әкеңді тыңда. Үлкеннен ықпайтындар – кішінің жанын ұқпайтындар. Қызға қыңыр сөйлеме сағы сынады, ұлға ұрсып сөйлеме бағы ығады.

Әкеңді тыңда. Артық кетпе ісініп, Үлкенді күт, кішіні ұқ. Адалдықта адамдық,  Кішілікте кісілік, - әкем Батырдың тәлімі.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале