26.04.2019, 17:10
Оқылды: 104

Ақын Шолпан Қыдырниязованың жаңа жинағы жарық көрді

Бүгін Қадыр Мырза Əли атындағы мəдениет жəне өнер орталығында ҚР еңбек сіңірген мəдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер, ақын, қоғам қайраткері Шолпан Қыдырниязованың 70 жылдық мерейтойына байланысты «Жыр жазамын жүрегімнен» атты əдеби-сазды кеш өтті.

k

         Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева аталған мекеменің құрылуына еңбек сіңірген, мемлекеттік тіл өрісін кеңейтуге атсалысқан Шолпан Батырқызының қайраткерлік жолы ерен екенін атап өтіп, ақынға ҚР Мəдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Құрмет грамотасын тапсырды.

         Кеште ақынның өлеңдеріне жазылған «Қоскөл», «Ақбақай - əн өлкем», «Қара өлең», «Ақтайсай – аңсағаным» əндері шырқалды, өлеңдері оқылды. Қаламгерлік қасиеті де ерен Шолпан Қыдырниязованың нақылдары «Менің тəрбие сағатым» жинағы көпке кеңінен таралғаны мəлім. Мəдени шарада аталған басылым толықтырылып, «Анадан - ақыл, əжеден - əдеп» атты жаңа жинағы жарияланғаны хабарланды. Кітаптың тұсаукесеріне ғылыми тұрғыда баға беріп, алғысөз жазған академик,педагогика ғылымдарының докторы, шешендіктанушы Абат Қыдыршаев, жинақтың құрастырушысы Гүлжайна Бисенғалиева жəне автор қатысты.

k23

         Наурыз айында облыстық тілдерді дамыту басқармасы Шолпан Қыдырниязованың шығармашылығын насихаттау, дарынды балаларды қолдау мақсатында «Алтын қалам» байқауын ұйымдастырған. Байқау қорытындысында эссе бағыты бойынша бас жүлде алған Қазталов ауданындағы А.Оразбаева атындағы мектеп оқушысы Жанаргүл Қазбек, шығарма бағыты бойынша жеңімпаз атанған дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық №11 мектептің оқушысы Ақгүлім Ерболованы ақынның өзі сахнада марапаттады.

k2

         Əдеби-сазды кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, 2003-2007 жылдары облыс əкімі болған Нұрғали Əшімов, Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Бақтығали Мұсабековтің құттықтау лебіздері бейнероликтен көрсетілді.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале