18.03.2017, 18:28
Оқылды: 57

Ақынмен кездесу

FB_IMG_1489847525494«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының аясында "Жас Отан" Жастар қанаты облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен тəрбиелік шара өтті. «Нұр Отан» партиясының ғимаратында өткен кездесуге ардагер ұстаз, ақын, Қазақстан Журналистер Одағынын мүшесі Тілес Жазықбай шақырылды.


FB_IMG_1489847505221«Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесінің кеңесшісі Біржан Кухаев жиналғандарды кездесу қонағымен таныстырды. Шараға студенттер, оқушылар қатысты.

Тілес Жазықбай жастарға өмір жолы, ақындар Сағынғали Сейітов жəне Қадыр Мырза Əли туралы əңгімелеп берді. Ары қарай Қадырдың жəне өзінің өлеңдерін оқыды.

Жиын соңында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Құрметті қонаққа сый-сыяпат табыс етілді.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале