28.07.2020, 17:03
Оқылды: 174

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде сыбайлас жемқорлық əрекеттерін алдын алуда кең көлемді жұмыстар жүргізілуде

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Алия Өтемісқызы жобалық кеңсесі басшысының атқарылған жұмысы есебінде сыбайлас жемқорлық əрекеттерін алдын алуда жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды.

unnamed

- «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі білім беру саласында сыбайлас жемқорлық əрекеттерін алдын алу мақсатында мониторинг жүргізді. Мониторингтің негізгі мақсаты - мұғалімдерге сыйлықтар алу, оқу жылының соңында мектептің қажеттіліктеріне қаражат жинау түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау.

«Мен мемлекеттік бюджеттің мөлдірлігіне жол сілтеймін» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Саметпен, қоғам белсенділерімен бірлесе Бәйтерек ауданының Махамбет ауылы тұрғындарымен, аудан, ауыл әкімдерімен кездесу ұйымдастырылып, тұрғындардың мәселелері талқыланып, шаралар қабылданды. Бірнеше жылдар бойы жергілікті тұрғындар балалар спорты алаңын салуға 1,2 миллион теңге көлемінде қаражаттың бөлінгенін білгенмен, қалай жұмсалғанын біле алмай келген.

Сонымен қатар, тұрғындар көпшілікке пайдалануға арналған жайылымның жоқтығына алаңдаулы екендерін де жеткізді. Махамбет ауылының Павлово елді-мекенін газбен жабдықтау, Махамбет ауылының өзіндегі ауыз су құрылысының, балалар алаңының сапасыз салынуы сынды мәселелер де көтерілді.

Маусым айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаментімен, БҚО Ішкі саясат басқармасымен бірлесе журналистер, блогерлер және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша журналистік зерттеу» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар байқауы жарияланды. 2020 жылдың 24 маусымында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі конкурстық комиссияның онлайн-отырысын өткізді. Онлайн отырыста жеңімпаздар анықталды.

Шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша шығармашылық жұмыстар мен зерттеулер жүргізген оннан астам қатысушы қатысты. Байқауда I орынды – Хамитова Ажар Асқарқызы ТДК-42 телеарнасының тілшісі, II орынды – Оразаев Нұрбек Зәкәрияұлы «Орал өңірі» газетінің экономика бөлімінің редакторы, III орынды – Удовиченко Злата Валерьевна «Время» республикалық газетінің тілшісі иеленді.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің көптеген жұмыстары мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, қоғам белсенділерімен бірлесе атқарылады. Маусым айындағы бірлескен бақылау бойынша тамақтану орындарында (мейрамхана, кафе, асхана), сұлулық салондарында, базарларда, қоғамдық көліктерде санитарлық нормаларды ұстану шаралары жүргізілді.

Шілде айының басынан бері дәрі-дәрмектің бағасын шамадан тыс өсіру оқиғаларына қатысты «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі БҚО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаментімен, арнайы бақылау тобымен, қоғам белсенділерімен бірлесе қаламыздағы дәріханаларда бақылау жұмыстарын өткізді. Дәріханалардағы бағаның өсуіне байланысты фактілерді  8747 492 91 79 WhatsApp нөміріне төмендегідей тізім бойынша фото түрінде жіберулеріңізге болады:

Дәрі-дәрмекке қаражат төленгені туралы чек;

Дәрілік заттың қаптамасы (онда препараттың тіркеу нөмірі көрсетіледі);

Дәріхананың мекен-жайы.

Сонымен қатар, дәріханалардағы бағаның көтерілгендігі туралы фактілер бойынша шаралар қолдану үшін азаматтардың жазбаша өтініші қажет.

Өтінішті e-gov порталы немесе «1406» Call- орталығы арқылы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберу керек.

Сонымен қатар, өтініштің көшірмесін «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне  8747 492 91 79, WhatsApp желісі арқылы жіберуге де болады.

Тұрғындармен байланысты жоғалтпай әлеуметтік желілер арқылы онлайн азаматтар қыбылдауын өткізудеміз. Әр апта сайын сейсенбі күні сағат 11-де онлайн азаматтар қабылдауы өткізіледі. Біздің мақсатымыз сіздерге жобалық кеңседе атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізу. Келіп түскен азаматтардың өтініштеріне, сұрақтарына толыққанды жауап беру - деді Алия Өтемісқызы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале