15.02.2020, 14:53
Оқылды: 116

Ақжайық-Дендер арасына жанар-жағармай бекеті қажет

Бұл мәселені тұрғындар БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есебінде көтерді.

-Теректі ауданының Ақжайық ауылынан Атырау облысының Дендер ауылына дейінгі аралық 300 шақырым. Осы жолда бірде-бір жанар-жағармай бекеті жоқ. Бұл бағытта қандай жұмыстар жасалып жатыр? Ауылдағы елді-мекендерде тұрғын үй мәселесі өте күрделі жағдайда. Болашақта халқы тұрақты, демографиялық өсім байқалатын ауылдарға оннан жиырмаға дейін түрғын үй салынса деген ұсынысым бар. Үшіншіден, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында Қ.Байсықов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі апатты жағдайда. Осы мектептің орнына жаңа мектеп салып беруді қарастырсаңыз деймін, - деді Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әленғали Кереев.

4f466d73-fce4-4b94-a0cb-554ba8e8e037

-Жанар-жағармай бекеті бойынша аудан әкіміне инвестор табуға тапсырма беремін. Әлеуеті жоғары, халық саны артып жатырған аудан-ауыл тұрғындарға  тұрғын үй салынып жатыр. Бұл болашақта да жалғасын табатын болады. Ал мектептің мәселесіне тоқталсақ, облыста 400-ге жуық мектеп бар. Күрделі жөндеуден өткізіп, жаңадан салатындар да бар. Бұл мәселе бойынша жұмыстанатын боламыз, - деп жауап берді Ғали Есқалиев.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале