27.05.2019, 16:35
Оқылды: 89

«Ақжайық» футболшылары «Мақтаарал» командасын ұтты

Күні кеше команда бас бапкері болып тағайындалған Артур Авакянц жаңа қызметіндегі алғашқы ойынын «Мақтаарал» командасына қарсы өткізді.

жагоров

Атакент қаласы Алпамыс батыр атындағы стадионда өткен матчтың алғашқы таймы «Ақжайық» ойыншыларының басымдығымен өтті.

Ойынның 7 минутында Наурызбек Жагоров есеп ашса, 37 минутта Сергей Басов басымдылықты ұлғайта түсті. Бірінші тайм Авакянц шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Екінші таймды «Ақжайық» ойыншылары сенімді өткізді. Қарсылас шабуылын оңай тоқтатып, реті келсе, өздері де шабуылдауды ұмытпады. Бұл тактика жемісін беріп, «Ақжайық» жеңісті есепті сақтап қалды. «Мақтааралды» жеңген соң «Ақжайық» 15 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасты.

         Матчтан соң «Мақтаарал» қақпасына алғашқы голды соққан Наурызбек Жагоров матч турасында ойымен бөлісті.

         -Бапкеріміз осы ойынға дұрыс тактика таңдады. Тамаша шабуылдың және стандартты жағдайдың арқасында екі гол соқтық. Ол бапкер тапсырмасын бұлжытпай орындағанымыздың арқасы. Екінші таймда қорғануға мәжбүр болдық. Бірақ, жеңісті сақтап қалдық. Сырт алаңда ойнау қашан да қиын. Барлық әріптестеріме рахмет айтамын. Бұл жеңісті «Ақжайық» жанкүйерлеріне арнаймыз.

«Ақжайық» футбол клубының

баспасөз қызметі

жагоров (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале