2.12.2020, 9:54
Оқылды: 65

Ақжайық имамдары жылды қорытындылады

Оралдағы облыстық орталық мешітінде имамдардың 2020 жылдың қорытынды есептік жиналысы болып, оған қала, аудан имамдары қатысты.

IMG_2851

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, төрт бағыт бойынша әр ауданның жылдық есебі тыңдалды. Сондай-ақ қала, аудан имамдары да есеп берді.

Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы имамдар есебіне байланысты олардың кемшілік тұстарын да атап көрсетті.

IMG_2857 (1)

Сонымен қатар  ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай жыл бойы имандылық жолында аянбай еңбек еткен Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Айдын Ибрашев, Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов, Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбайұлы облыс имамының алғыс хатына ие болды.

Жиында 2021 жылға арналған жоспар да пысықталды.

                                                 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале