24.06.2019, 11:38
Оқылды: 320

«Ақжайық» кезекті жеңіске жетті

Ел біріншілігінің Бірінші Лигасының кезекті матчын өз алаңында өткізген «Ақжайық» «Академия Оңтүстік» командасымен кездесті.

 futbol (4)

Матч басынан қарсыласын тықсырған Авакянц шәкірттері тайм аяғында жас ойыншы Даниил Кочневтің көмегімен алға шықты. Қос тарап ойынның алғашқы бөлігін 1-0 есебімен аяқтады.

futbol (14)

Екінші тайм тең дәрежеде өрбіді. Алаң иелерінің сәл ғана қателігін пайдаға асырған қонақтар матч бітуіне 5 минут қалғанда есепті теңестірді.

futbol (12)

Дегенмен, оралдық оғландар матчтың 90-минутында Денис Главинаның көмегімен жеңісті жұлып алды.

Осы жеңістен кейін «Ақжайық» турнир кестесінде 5-орынға көтерілді.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі

фото Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале