20.05.2018, 2:45
Оқылды: 47

"Ақжайық" өз алаңында "Жетісу" командасын ұтты

IMG_20180520_023557_003Футболдан ел чемпионатының он бірінші турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдап, 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жеңіс оралдықтарға оңайлықпен келген жоқ. Осының алдында Ақтөбеде 3:5 есебімен ұтылғаннан кейін командаға бас бапкердің міндетін атқарушы, жергілікті маман Артур Авакянцтың басшылық етуіне тура келді.

Бұл турдан кейін «Ақжайық» турнир кестесінде қайтадан алтыншы орынға көтерілді. 23 мамыр күні оралдықтар біріншілікте 31 ұпаймен жекедара көш бастап келе жатқан «Астана» командасын қабылдайды. Бұл ХХІІ турдың кездесуі болғанымен, қос команданың келісуіне байланысты осы күнге алға ысырылған болатын.

Айта кетейік, бүгін елордалықтар «Ақтөбені» 3:1 есебімен тізе бүктірсе, «Қайрат» Алматыда Қарағандының «Шахтерін» (2:0) жеңді. Астаналықтардан бір ойыны кем алматылықтар 26 ұпаймен екінші орында келеді.

Шымкентте «Ордабасыны» 1:0 есебімен қапы қалдырған Қостанайдың «Тобылы» 22 ұпаймен үшінші сатыға нық беки түсті. Шымкенттіктер 16 ұпаймен төртінші орында қалды.

Ең ірі есеп Павлодарда тіркелді. «Қызылжарды» 5:0 есебімен ойсырата ұтқан «Ертіс» бесінші орынға көтерілді.

zhaikpress.kz

Фото Айбатыр Нұраш

IMG_20180520_023557_010 IMG_20180520_023557_008 IMG_20180520_023557_007 IMG_20180520_023557_006 IMG_20180520_023557_011

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале