21.04.2017, 9:47
Оқылды: 48

«Ақжайық» пен «Ақтөбе» фанаттарының қақтығысына байланысты тергеу жүргізілуде

Futbol tergeu   Оралда футболдан Қазақстан кубогы үшін «Ақжайық» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесудің басталар алдында Құрманғазы мен М.Мәметова көшелерінің қиылысында екі топқа бөлінген жастар (қос клуб фанаттары) бір-бірімен сөзге келіп, қақтығысып қалған болатын.


     БҚО ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнында 15 адам ұсталып, Абай полиция бөліміне жеткізілген. Ұрып-соғу дерегі жөнінде облыстық аурухананың жарақат пункті мен Абай полиция бөліміне ешкім жүгінбеген.

    Дегенмен болған оқиғаның жай-жапсарын толық тексеру, қақтығысқа қатысқан басқа да кісілерді анықтау мақсатында аталған дерек ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

     Қазіргі кезде Орал қалалық ішкі істер басқармасына қатысты Абай полиция бөлімінің тергеу бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале