15.11.2019, 18:26
Оқылды: 126

«Ақжайық» пен «Тараз» тең тарқасты (СУРЕТ)

Премьер-лига жолдамасы үшін матчта «Ақжайық» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

futbol aqjaiyq (1)

Премьер-лига командалары арасындағы биылғы ел чемпионатында тараздықтар оныншы орынға тұрақтаған еді.

Ал оралдықтар бірінші лигада үшінші орынға ие болып, қола жүлдегері атанды.

futbol aqjaiyq (3)

Премьер-лигада көш соңында қалған «Ақтөбе» мен «Атырау» бірінші топқа түсіп қалса, алдағы жылғы маусымда олардың орнын Петропавлдың «Қызылжары» мен Ақтаудың «Каспийі» басады. Ал тағы бір жолдаманы «Тараз» бен «Ақжайық» сарапқа салып отыр.

Тартысты өткен кездесу барысында алаң иелері қарсылас қақпасына бір доп енгізгенімен, ол ойыннан тыс қалды деген себеппен есептелмеді.

futbol aqjaiyq (9)

Осылайша бәсеке 0:0 есебімен тең аяқталды.

Енді жолдама тағдыры 18 қараша күні Таразда өтетін қарымта матчта шешіледі.

сурет Мейірбек Тажкуранов

futbol aqjaiyq (2) futbol aqjaiyq (4) futbol aqjaiyq (5) futbol aqjaiyq (6) futbol aqjaiyq (7) futbol aqjaiyq (8) futbol aqjaiyq (10) futbol aqjaiyq (11) futbol aqjaiyq (12) futbol aqjaiyq (13) futbol aqjaiyq (14) futbol aqjaiyq (15) futbol aqjaiyq (16) futbol aqjaiyq (17)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале