29.04.2019, 15:48
Оқылды: 27

«Ақжайық» Петропавлдан жеңіспен оралды

«Ақжайық» ел біріншілігінің бірінші лигасы төртінші тур ойынын Петропавлда жергілікті «Қызыл-Жар СК» клубына қарсы өткізді.

f (2)

         Жылдам гол соғып, қонақ команданың мысын бассақ деген «Қызыл-Жар СК» ойыншылары шабуылға ден қойды. Алаң иелерінің бұл қимылына дайын болған Авакянц шәкірттері петропавлдықтардың шабуылына лайықты жауап қайырып, сәті келгенде қарымта шабуылдауды да ұмыт қалдырмады. Келер маусымға алдарына үлкен мақсат қойған қос ұжым алғашқы таймды голсыз аяқтады. Дегенмен «Ақжайық» гол соғуға өте жақын болды. Бірде қақпашымен бірге-бір шыққан Наурызбек Жагоров мүлт кетсе, енді бірде Руслан Хаировтың баспен соққан добын «Қызыл-Жар» қорғаушысы қақпа сызығынан қайырды.

f (4)

         Екінші тайм да өте қызықты өтті. Алаң иелері де, қонақтар да шабуылдап бақты. Сондай шабуылдардың бірінде Мелло Корбеллини қарсылас қақпасын дәл көздеп «Ақжайықты» алға шығарды. Кейін қос клуб ойыншылары қанша шабуылдаса да есеп өзгермеді.

         «Ақжайық» осылайша сырт алаңдағы алғашқы жеңісін тойлады. Матчтан кейін баспасөз мәслихатында «Ақжайық» футбол клубы бас бапкері міндетін атқарушы Артур Авакянц тілшілер сұрағына жауап берді.

            -Бүгінгі ойын барлық жағынан тең қарсыластардың матчы болды. Бүгінгі жеңіс біз үшін өте маңызды. Өйткені бұған дейінгі матчтарда біраз ұпайдан айырылып қалғанбыз. Биыл бірінші лига командаларының деңгейі жоғарылаған. Әр ұпай үшін талас соңына дейін жүреді,- дейді Артур Авакянц.

«Ақжайық» футбол клубының

 баспасөз қызметі

f (1) f (3) f (5) f (6) f (7) f (8) f (9) f (10)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале