19.08.2019, 10:16
Оқылды: 269

«Ақжайық» сырт алаңда жеңіске жетті

Кезекті матчын сырт алаңда шымкенттік «Қыран» командасына қарсы өткізген «Ақжайық» ойынды жеңіспен аяқтады.

IMG-20190817-WA0038

         Өткен турда «Қызыл-Жар СК» клубымен есеп бөліскен Авакянц шәкірттері барын салды. Дегенмен алаң иелерінің қорғанысы бірінші таймда сыр бермеді.

         Ойынның бірінші бөлігінде есеп аша алмаған қос ұжым екінші таймда да көрерменді жалықтырмады. Десе де «Ақжайық» қарқынына қарқын қосып, 66 минутта пенальти соғуға мүмкіндік алды. Нүктеге келген Мелло Джакомо мүлт кетпей, есеп ашты. Оралдық жігіттер 75 минутта есепті тағы да еселеді. Денис Главинаның тепкен добы қарсыластың қақпасына тулады.

фк

         Өз алаңында жеңілгісі келмеген «Қыран» бір ғана гол соқты.

 

«Ақжайық» футбол клубының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале