23.01.2019, 14:14
Оқылды: 21

«Ақжайық» Түркияда бірнеше шетелдік клубпен жолдастық кездесу өткізеді

Ақжайық Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші Лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» командасы маусым алдындағы дайындығын пысықтау мақсатында Түркияға аттанды.  Команда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, құрамын нақтылайтын болады. 

Премьер Лигаға қайта оралуды мақсат еткен клуб жаттығу жиындары барысында бірнеше шетелдік клубпен жолдастық кездесу жоспарлаған. Сондай-ақ қаралымға келген ойыншыларды да тексеріп көрмек.

Түркияға оқу-жаттығу жиынына «Ақжайық» ойыншылары: қақпашылар Александр Удалов, Сергей Ткачук , қорғаушылар  Бауыржан Омаров,Максим Литвинов, Арман Мұрат, Евгений Рафиков, Владимир Покатилов, жартылай қорғаушылар Руслан Хаиров, Магоммед Оджиев, Шыңғыс Сапарбекұлы, Әділет Болатов, шабуылшылар: Алексей Мальцев, Ержан Ибрагимов, Даниил Кочнев аттанды.

 «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале