30.09.2019, 12:53
Оқылды: 498

«Ақжайық» турнир фаворитін жеңді

Бірінші Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22 турында «Ақжайық» Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» командасын қабылдады.

futbol (5)

Осыған дейінгі екі ойындағы сәтсіздік «Ақжайық» ойыншыларының көңілін түсіргенмен, жігерін жасытпады. Ойын басталысымен қарсыласын қорғануға мәжбүрлеген Авакянц шәкірттері «Алтай» ойыншыларын әбден састырды. Әсіресе, жас ойыншы Даниил Кочнев белсенді болды. Сондай-ақ Руслан Хаиров пен Ерболат Рүстемов те қарап қалмай қарсылас қорғаушыларының мазасын қашырды.

Бірінші тайм толығымен «Ақжайық» бақылауында болды. Тіпті шабуылшы Дәренбек Тәжімбетов «Алтай» қақпашысымен бетпе-бет шығып, қапы қалдырғанмен доп қақпаға дарымай, Петр Атоян атындағы стадионға жиналған көрермен бір күрсінді. Осы ретте стандартты шабуылдарға сәтті қосылатын Владимир Покатилов пен Сергей Басовтың да белсенділігін атай кетуге болады. Қос қорғаушының баспен бағыттаған доптарын бірде қарсылас қақпашысы, бірде қорғаушылары сәтті қайтарып жатты.

futbol (2)

Әр сәтсіз шабуыл «Ақжайық» ойышыларын екі еселенген күшпен шабуылдауға итермелегендей. Сондай ойын сәттерінің бірінде орталық алаңнан допты ала қашқан Мелло Корбеллини ойын снярадын сол қапталдағы Ерболат Рүстемовке тастады. Зымырандай жүйіткейтін Ерболат айып алаңына кірер тұста шабуылға қосылған Даниил Кочневті байқап, кілт тоқтады да жас ойыншының аяғына допты салып берді. Мұндай сыйлықтан бас тартпайтын Даниил «Алтай» қақпасының шаңын қақты. Есеп 1-0. Осылайша бірінші тайм аяқталды.

futbol (6)

Екінші таймда есеп теңестіруге ұмтылған «Алтай» ойын барысын қолға алып, кей сәттерде қауіпті шабуылдай түсті. «Ақжайық» қорғанысы сыр бермеді. Ал қақпашы Илья Караваев ұшқан доптың бәрін қағып, қақпасын аман алып қалып жатты. Екінші таймда «Алтай» көп шабуылдаған мен «Ақжайықтың» қарымта шабуылдары да шығыстық команданың мысын басып, қорғанысқа көбірек көңіл бөлуге мәжбүрледі.

Екі ұжым екінші таймда гол соға алмай, Даниил Кочневтің голы «Ақжайыққа» кезекті үш ұпайын сыйлады.

Осы турдан кейін 43 ұпай еншілеген «Ақжайық» турнир кестесіндегі төртінші орнын сақтап қалды. Өз алаңымыздағы келесі ойын 20-қазан күні өтеді. қарсылас «Байқоңыр» командасы.

Түгелбай Бисен

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы

futbol (4) futbol (8) futbol (10) futbol (15) futbol (16) futbol (18) futbol (22) futbol (23)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале