18.04.2019, 16:42
Оқылды: 27

Ақжайықта «Worldskills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты өтуде

Бүгін Ақжайық ауданы Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты басталды.

FB_IMG_1555583484485

Чемпионат БҚО білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өтуде.

Байқауға Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі, Зеленов колледжі, Тайпақ колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Шыңғырлау мпн Бөкей ордасы колледжінен студенттер қатысуда.

Ең үздік жұмысшы мамандықтарын анықтау үшін 2 күн бойы 6 сарапшы қатысушылардың орындаған тапсырмалардың сапасын бағалайтын болады. Үздік атанғандар сәуір айының соңында Орал қаласында өтетін қорытынды шарада марапатталады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

FB_IMG_1555583480930 FB_IMG_1555583489403

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале