21.01.2021, 23:54
Оқылды: 234

Ақжайықта жеті бағыт бойынша жиын өтті

Орал орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлының ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарының жиыны өтті.

20210120_110219(1)
Жиында ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде қаралған тапсырмалар имамдарға таныстырылды.
Діни басқарма бекіткен 7 бағыттағы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат ағымдармен жұмыс жүргізуді бас имам Мұратбек Қыстаубаев аудан, қала имамдарына тапсырды.
Облыс бойынша 2021 жылы атқарылатын іс-шаралар бекітіліп, негізгі бағыты жоспарға енгізілді. Мұратбек Мұхтарханұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бастамасымен құрылған Қамқор-Шарапат салттық қызмет көрсету орталығы қызметі, рухани тәрбие ихсан ілімі жұмысын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру туралы арнаулы тапсырма берді.
Сондай-ақ биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жұмыс жоспары бекітілді. ҚМДБ тапсырмаларын уақытылы орындау, айлық есептерге жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды. Барлық бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілетіндігі ескертілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале