6.02.2017, 14:32
Оқылды: 62

Ақжайық ауданындағы мал ұрлығы әшкереленді

Mal yrligi  Ақжайық ауданы Тайпақ ішкі істер бөлімі қызметкерлері өткен жылы тіркелген мал ұрлығы фактілерін әшкереледі.


  Берілген мәліметке сүйенсек, Ақжайық ауданының 53 жасар тұрғыны былтыр ауыл тұрғындарының ақ адал малдарын жайылыста жүрген жерінен айдап әкетіп жүрген. Екі ауыл тұрғынының әрқайсысының төрт-бесеуден қой-ешкілерін ұрлап кеткен.

  Тергеу барысында аталған азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі (мал ұрлығы) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале