5.09.2017, 16:23
Оқылды: 27

Ақжайықтық Данияр Елеуов «Мен-қазақпын!» жобасына қатысады

«QAZAQSTAN» арнасы ұйымдастырған «Мен-қазақпын!» Халықаралық әнші-термешілер мен күйшілер мега-жобасында Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап жатқан ақжайықтық Данияр Елеуов І кезеңнен сүрінбей өтті.

7-14 тамыз аралығында Астана қаласында өткен байқаудың бұл кезеңінде Мұхит Мерәліұлының «Айнамкөз» әнін орындаған Д.Елеуов мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, белгілі әнші Ардақ Исатаева, күйші Айгүл Үлкенбаева бастаған қазылар алқасының шешімімен келесі кезеңге жолдама алды. Айта кетейік, алғашқы кезеңнен үш аталым бойынша барлық 57 қатысушының 31-і өтті.

Данияр қазір өзінің Жамбыл ауылдық округіндегі Үштөбе ауылында қыркүйек айының орта шенінде өтетін жобаның ІІ кезеңіне қызу дайындық үстінде. Ол бұған еліміздің аймақтарында қалыптасқан түрлі ән мектептері өкілдерінің туындыларын орындауға дайындалып, ән қожынын толықтырып бармақ.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале