21.02.2017, 18:01
Оқылды: 40

«Алашорда – тәуелсіздік бастауы» онлайн конфренциясы өтті

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада «Алашорда – тәуелсіздік бастауы» атауымен онлайн конфренция өтті. Онлайн режимінде өткен конференцияға Сырым ауданы әкімдігі және Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы өкілдері қатысты. Айта кетейік, тарихшылардың басын қосқан шараны өткізуге Сырым ауданы әкімдігі мұрындық болды.


Шара барысында профессор, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің докторы Арап Еспенбетов және М.Қозыбаев атындағы ғылыми зертеулер институтының директоры Мұхтарбек Каримов тақырып аясында баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылардың айтуынша, Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толуына бағытталған түрлі еске алу кештері, ғылыми-практикалық конференциялар жалғасын табады. Сондай-ақ тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнату, көшелерге олардың атын беру - басты назардағы дүние.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале