12.01.2018, 11:47
Оқылды: 17

Алаяқтар оралдық тұрғынның есепшотынан 17 миллион теңге суырып алған

 

Орал қаласы тұрғынының есепшотынан 17 миллион теңге жоғалған

Оқиға бойынша жәбірленуші әлеуметтік желілерге үйінің сатылатындығы жөнінде хабарландыру берген. Көп ұзамай пәтерді сатып алушы хабарласып, алдын ала соманы аудару үшін есепшот нөмірін айтуын сұрайды. Жәбірленуші еш күдіксіз жеке куәлігінің, банкомат картасының нөмірлерін айтқан.

Алаяқ барлық деректерді мобильді банктерге бекітіп,  жәбірленушінің есепшотындағы 17 миллион теңгені суырып алады. Олар ақшаны бір күнде емес, азғантай мөлшерден, араға күндер салып шешіп алып отырған.

Қазіргі күні Орал қалалық ІІБ алаяқтық фактісін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале