13.04.2017, 12:47
Оқылды: 56

Алаяқтардың амалы таусылар емес

 акша  Алаяқтардың адамдарды алдау тәсілдері шектеусіз. Жедел тергеу жұмыстарының тәжірибесі бойынша аталған алаяқтық қылмыстарының орын алуы азаматтардың сенгіштігі және белгісіз қылмыскерлердің жалған ақпараттарын нақты тексермеуі салдарынан болып отыр. 


  Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізген алдын алу жұмыстарына қарамастан, азаматтар алаяқтардың «қармағына» ілініп қалып жатады.

  Бүгінгі күні адамдарды алдаудың тағы бір тәсілі – қарапайым адамдардың сеніміне кіріп, жиһаз жасаумен немесе үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысамын деген желеумен олардың қаражаттарын иемденіп алу. Сондай жағдайдың бірінде 1992 жылы туған С. есімді азамат қаладағы 6-шы шағынауданда тұратын әйелдің сеніміне кіріп, үйдің ішкі төбесін жасап беремін деп 134 мың ақшасын алдын ала алып, ізім-қайым жоқ боп кеткен. Енді бір жағдайда 1992 жылы туған азамат 34 жасар әйелге жиһаз дайындап бермекші болған сылтаумен 200 мың теңге көліміндегі ақшасын иемденіп алған. Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы кезінде аталған күдіктілердің бұдан бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасаумен айналысқаны белгілі болды.

  Ағымдағы жылдың 3 айында алаяқтық қылмысы бойынша 230 факті тіркелсе, соның 156-сы анықталды, яғни, қылмыстың ашылуы 84,2%-ды құрап отыр.

  Тағы бір алданудың түрі – ол ақшаны қарызға беріп, оны қайтарып ала алмау. Сондықтан облыс және қала тұрғындарына жете танымайтын адамдарға ақша беруден аулақ болғаныңыз жөн деген кеңес береміз.

  Құрметті азаматтар, мұндай жағдайға тап болған кезде, тікелей «102» нөміріне қоңырау шалуыңызды немесе бірден ішкі істер органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Барлық хабарламалар белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале