23.09.2019, 21:25
Оқылды: 247

Алдағы үш жылда «Ақжайық» шағынауданында 800-ге жуық пәтер салынбақ

– Мемлекет халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымға қаржы бөледі. Сонан кейінгі міндет – әр нысанның сапалы, адамдарға ыңғайлы және қауіпсіз болуы, әрі сол елді мекеннің ажарын аша түсіп, көркіне көрік қосуы. Сөйте тұра, бөлінген бюджет қаржысынан ауытқымауды да ескеруіміз шарт. Қаржыландыру көзін, жобаға қатысуға мүдделі барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс анықтау, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, нысанды пайдалануға берер алдында жобалық және сапалы қызмет көрсетуге техникалық тапсырманы сауатты дайындау сияқты, қысқасы, идеядан бастап, нысанды пайдалану кезінде шығындарды есептеуге дейінгі жұмыстардың сапалы болуына баса мән береміз.

Akzhaik mkrnӨңірдің дамуын сапалы жоспарлау үшін біз нысандарды салудың 5 жылдық жоспарын жасадық, соның ішінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нысандары мен жеке жобалар да бар. Құрылыстың орны мен кезеңі, қаржыландырудың ықтимал көзі көрсетілген. Меніңше, мұндай даму жоспары барлық тарап үшін де, яғни тұрғындарға да, бизнеске де өз жоспарларын 3-5 жылға алдын ала дайындауға түрткі болады. Мәселен, «Ақжайық» жаңа шағынауданының құрылысын алайық. Алдағы үш жылдан кейін ол жерде не болатынын көп ешкім біле бермейді. Болашақта ол жерде 800-ге жуық пәтер, балабақшалар мен мектептер, кеңсе ғимараттары және т.б. көптеген нысандар бой көтермек. Инфрақұрылым толық тартылмаған қала маңынан шағын жер үйлер салғанша, жайлы әрі сапалы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған жаңа шағынауданнан мемлекеттік жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы пәтер сатып алғысы келетін жерлестеріміздің қатары артады деп ойлаймын.

 

Құрылыс нысандарын салуда мемлекеттік-жекеменшік құралдарын белсенді пайдаланатын боламыз. Жұмысты сапалы ұйымдастыра білген жағдайда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекеттік бюджетке салмақты азайтып, құрылыс нысанын мемлекеттік сатып алу кезіндегіден де артық жобалап және салып беретін сенімді әріптесті анықтауға оң ықпал етеді.

Жобаларды басқару – өте маңызды шаруа. Әзірше біз «Битрикс 24» платформасын қолдануды бастап кеттік, бұл құрылыс нысанын салу барысында өте жедел шешім қабылдауға және әрекет етуге зор көмегі тиетін құрал. Жобаларды толыққанды басқару – уақыт еншісіндегі мәселе,- деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале