29.03.2020, 14:03
Оқылды: 87

Әлемде бір тәулік ішінде 3621 адам коронавирустан көз жұмды

Соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

D38EC979-54D5-4A1D-9BA0-718F2A356478

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінiше, соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті. Бұл дерттен сауығып кеткендер саны - 145586. Дертінен айыққандар саны соңғы бір тәулікте 10868-ге өсті.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале