23.07.2019, 12:51
Оқылды: 133

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдар қалай жұмыс істейтін болады?

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ТМККК толығымен кіреді, мұнда МӘМС-тің енгізілуімен ешқандай өзгерістер  болмайды. Емханалар бұрынғыдай дәрігерді үйге шақыру, балалар және жүкті әйелдер патронажы қызметтерін көрсете береді, 4 санатты жедел жәрдем шақыртуларына, жалпы практика дәрігерінде, педиатрда немесе терапевт дәрігерде бақылануды және т.б. қызметтерді көрсететін болады.

vrach

«АМСК адамдарға учаскелік дәрігерге бірінші барғаннан денсаулық сақтауға жолын ашады. Бұл жерде ауруды анықтап, оның алдын алуға баса назар аударылады, өйткені денсаулықты тексеру үшін адам, ең алдымен, өзінің дәрігеріне баруы тиіс. Алғашқы консультативтік-диагностикалық қызметтер міндетті түрде тегін көрсетіледі. Денсаулық жағдайына қарай ЖТД диагностика үшін талдаулардың қажетті түрлерін анықтайды және әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне кіретін немесе қырқынды бақылауды талап ететін қандай да бір ауруды анықтаған жағдайда, пациентті міндетті түрде есепке қояды, әрі қарай ол ТМККК есебінен емделетін болады»,- дейді «ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Қордың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жалпы  тәжірибелі дәрігерге 1700 пациент тіркелу шегі белгіленген. 2023 жылға ЖТД тіркелген халықтың саны 1500-ден аспайды деп жоспарланып отыр.

«Қазір емханалар халыққа сапалы қызмет көрсетіп, олардың неғұрлым көп санын қамту үшін, дәрігер әрбір пациентке жеткілікті көңіл бөлуі үшін неғұрлым көбірек учаскелер ашуға бағытталуы тиіс», - деп есептейді Нұржамал Шамғонқызы.

  «ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале