1.03.2018, 14:59
Оқылды: 50

Оралда магнит-әйел Қарлығаш Нығметованың кітабы таныстырылды

karlv2Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде магнит-әйел атанып кеткен Орал қаласының тұрғыны Қарлығаш Нығметованың «Мое магнитное пространство» кітабының таныстырылымы өтті.

Шараға Қарлығаш Тілеуғалиқызының тума-туыстары, ұстаздары, оның ерекше қасиетін бағалаушылар келді.

Айта кетейік, Қарлығаш Тілеуғалиқызы жұртшылыққа магнит-әйел ретінде танымал. Ол - 2013-2016 жылдары Қазақстанның «КИНэС» рекордтар кітабына енген биоэнерготерапевт, емші, ерекше қасиет иесі.

Автобиографиялық кітап шынайы оқиғаларға негізделіп, хронологиялық тәртіпте жазылған. Ол бұл еңбегін өз ата-анасына, ата-бабаларына, жанындағы жақындары мен емделушілеріне арнаған.

Кітапта Қарлығаштың естеліктері, жерлестері мен педагогика саласының ардагерлері туралы газетте жарық көрген материалдары, сонымен қатар журналистердің ол туралы жарияланымдары жинақталған.

karl3Айта кетейік, Қарлығаш 2015 жылы 40 минут бойы жалпы салмағы 6 келі болатын үтікті денесіне жабыстырып, өз рекордын жаңартқан болатын. Оның осыған дейін үтікті денесінде ұстау ұзақтығы 10 минутты құраған. Ерекше қасиет иесінің рекордтары Қазақстан анықтамалығында жазылып келеді.

Денесіне металл бұйымдардың жабысатынын ол бірден байқамаған. 20 жыл бұрын, яғни тұңғыш қызы дүниеге келгеннен кейін тұла бойында бір өзгерістің болғанын сезеді. Қарлығаш Тілеуғалиқызы содан бері ізденіс үстінде.

- Өзімде мұндай құдіреттің барын сынықшы-кейуанадан білдім. Мен өзге адамға өзімнің магниттік күшімді беру арқылы оны кейбір дертінен жаза аламын. Шындығында адам ағзасының мүмкіндігі шексіз, – дейді ол.

Айта кетейік, Қарлығаш Тілеуғалиқызы биологиялық қуаты (биоток) арқылы сырқат жандарды буын және мойын, кеуде бел омыртқалар остеохондрозы, артрит, атроз, тағы басқа аурулардан емдеп жүр.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале