2.08.2019, 14:30
Оқылды: 142

Алиментті өндіру мәселесі талқыланды

БҚО Теректі ауданы прокуратурасының бастамасымен сот, әкімдік, полиция, жұмыспен қамту бөлімінің басшылары мен сот орындаушылары қатысқан ведомствоаралық кеңес өткізіліп, алимент өндіру туралы сот актілерін орындаудағы мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

alimenty razvod

2019 жылдың өткен мерзімінде сот орындаушыларда 391 атқару құжаты орындауда болғаны айтылды.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 93-бабы тәртібінде 247 борышкердiң еңбекақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алу қолданылды.

Барлығы 144 құжат бойынша берешек 21,1 млн теңгені құрайды, сондай-ақ 11 өндіріс борышкерді іздеу салуға байланысты тоқтатылды.

Борышкерлерге қатысты Заңның 32-бабына сәйкес мүлкіне тыйым салу, банктік шоттарға инкассалық өкімдер шығару, шекарадан шығу құқығын шектеу, жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату сияқты шаралар қабылданды.

Мысалға, У. есімді борышкер екі баласының алдында 2,5 млн. теңге берешегі болсада, өзінің «Volkswagen 35i» автокөлігін Подстепное ауылындағы туысының үйіне жасырып қойған.

Қабылданған шаралармен көлік табылып, алынып және бағаланып, қазір сауда-саттыққа шығарылды.

ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 3 тұлға тартылып, оларға бес тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалды.

Тек прокурор алиментті төлемегені үшін ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертуден кейін ғана, азамат Н. жалпы сомасы 353 мың. теңге болатын алиментті бірден төледі.

Аудан прокуроры Равиль Мажитов кеңесті қорытындылай келе, сот актілерін дер кезінде орындауға бағытталған және осы салада сот орындаушылардың, полицияның, уәкілетті органдардың өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру туралы тапсырмалар берді.

Бауыржан Ахметжан

БҚО прокуратурасының ресми өкілі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале