9.10.2020, 10:53
Оқылды: 76

 «Алкоматты» ұрламақ болды

Орал қаласындағы кафеден «Алкомат» ныспылы кондиционерді  ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

Konder

Оқиға 2 қазан күні орын алған. Екі жігіттен тұратын қылмыстық топ қала орталығындағы кафенің терезесін ішке итеріп ашып, кондиционерді көтеріп шыққан. 1973 жылғы кәсіпкерге 1 миллион  500 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Оқиға орнына шұғыл барған полиция қызметкерлері 1995 және 1996 жылғы екі жігітті ұстады. Бұған дейін де тонау, ұрлық, бұзақылық секілді қылмыспен істі болған оралдық екі тұрғын «Алкомат» ныспылы кондиционерді ұрлағандарын мойындады. Олардың үйінен аталмыш кондиционер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Гүлсезім Бияшева,

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале