24.07.2020, 14:58
Оқылды: 698

Алматылық азамат талапты ұлға тарту жасады

Руханият пен мәдениеттің астанасы Алматы қаласында орналасқан  «Мирас» ат әбзелдері дүкенінің иесі Айдос Садықов Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінің 1-сынып оқушысы, жас көкпаршы Нұрәділ Елубайға 15 келілік жаттығу серкесін (муляж) сыйлыққа тартты.

2202FF66-87D2-4089-8472-076035777122

- Жалпы Алматыда «Мирас» ат әбзелдері дүкенінің жұмыс жасайтындығынан хабарым бар. Биыл Қаратөбе ауданы құрамасына көкпар ұлттық ойынына қатысу мақсатында аталмыш дүкен басшылығымен әлеужелі арқылы танысып, ер-тоқымға тапсырыс берген болатынмын. Бірақшектеу шаралары болып, бұл жұмысымыз кейінгі қалып отыр.

Балам Нұрәділдің жаттығу кезіндегі бейнежазбаларын инстаграмм парақшасынан көрген дүкен қожайынының қарындасы хабарласып, бейнежазбаны өздерінің «Көкпар кз» желісіне жүктеуге рұқсат сұрады. Келісімімді бердім. Уақыт өте келе балама сыйлық жасайтындығы жөнінде хабардар етті.

A931B036-E68C-4882-8789-1DB4A1ED6B38

Баламның құлшынысын оятып, ұлттық спортымызға қызығушылығын арттырған алматылық азаматқа отбасымыздың атынан алғыс айтамын.

Жаңа оқу жылы қарсаңында баламды қуантып тастады. Алла бұйыртса, муляжбен шынықтыруды бастайтын боламыз, - дейді Нұрәділдің әкесі Бекболат Файзуллин.

Ұлттық спорт өнеріне деген қызушылығымен қатар, әлеужеліде жарияланған бейнежазбалары арқылы әлеужелі қолданушыларының бірінің ықыласына бөленген жеті жасар Нұрәділ үш-төрт күнде сыйлығын қолына алмақ.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале