17.05.2018, 17:03
Оқылды: 51

Алтай Көлгінов: «Crown Batys» мал бордақылау кешенін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз

6f7628be-7e7f-4c86-97cb-0f1befe00b1eБүгін Астана экономикалық форумының алаңында Батыс Қазақстан облысындағы мал бордақылайтын орын және ет комбинатын жандандыру бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қою рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов, «Dunbia» компаниясының негізін қалаушысы Роберт Джон Добсон (Ұлыбритания), «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов мен «Қазақстан ет одағының» ЖКЗТБ-нің бас директоры Мақсұт Бақтыбаев қатысты.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы дамуындағы аймақтың әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.

«Біз «Crown Batys» мал бордақылау кешенін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз. Инвестор аймаққа қаржы құяды, біз ет және ет өнімдер нарығын дамыту мен экспортқа шығару үшін барлық жағдай жасаймыз»,- деді Алтай Көлгінов.

Аталған шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтті.

Фото: Ғани Өмірбеков

2380a3c3-ff1b-4f7b-8cf7-2e66853f8023 cdb846c7-258b-496b-a1c3-192d485f3111

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале