29.08.2018, 10:58
Оқылды: 23

Алтай Көлгінов: «Мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуды, оны цифрландыруды басты назарға аламыз»

-Жол түзеліп келеді. Сапалы ауыз сумен қамтылуда. Мемлекет көптеп баспана салуда. Енді мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуды, оны цифрландыруды басты назарға аламыз. Адамдарды не алаңдатады? Оның баласы мектепте қандай білім алады? Емхана қалай қызмет көрсетеді? Денсаулық сақтау саласының сапасын көтерумен цифрландыру бағдарламасы аясында айналысатын боламыз. Ең бастысы –  тұрғындар үшін қолайлы болуы керек.

Мұғалімдердің біліктілігін көтеріп, материалдық -техникалық базасын нығайтамыз. Алыстағы ауыл мен қаладағы білімнің үлкен айырмасы болмауы тиіс. Мемлекет осыны басты назарға алып отыр. Мұның бәрі тұрғындар үшін,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов актив жиынында.

©zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале