4.06.2019, 18:32
Оқылды: 29

«Аманат» БҚО-дағы барлық сайлау учаскелеріне қоғамдық бақылау жасаған

Нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Алдағы кезектен тыс президент сайлауына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік кеңсесі атқарылған жұмыстардың аралық қорытындысын жариялады.

 

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың мәжіліс залында өткен брифингте «Аманат» азаматтық платформасының БҚО-дағы аймақтық өкілі Асхат Өкшебаев ұйымның басты мақсаты еліміздегі президент сайлауының әділ және ашық өтуін қоғамдық қадағалау, сайлау заңнамасының бұзылуына жол бермеу.

Биылғы 22 сәуірінде құрылған жобалық кеңсе сайлау аяқталғанша жұмыс жасайды. Өңірдегі қырыққа жуық қоғамдық ұйым мен 700-ден астам белсенді азаматтың басын біріктірген платформа мүшелері облыс аумағындағы 531 сайлау уческесінің алдағы сайлау науқанына дайындық барысын пысықтаумен шектеліп қалмай, аса маңызды саяси науқанның өту барысын бастан-аяқ бақылауда ұстауды көздеп отыр. Бұл мақсатта 38 мобильді капитан Орал қаласы мен барлық ауданда 559 бақылаушыны арнайы дайындықтан өткізіп үлгерген. «Аманаттың» белсенді мүшелері қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы дауыс берушілерді сайлауға дайындық барысымен құлақтандыру, дауыс беруге шақыру сияқты үгіт-насихат жұмыстарын да атқаруда.

27fc863a-7c64-47c2-89a2-d6f79e1a9770

-Облыс жастарымен жеті рет кездесу ұйымдастырып, алдағы президент сайлауының маңызы мен ерекшелігі, жастардың құқықтық белсенділігі туралы дәрістер оқыдық. Барлық сайлау учаскелерінің жұмысына, үміткерлердің үгіт-насихат шараларының жүргізілу барысына қоғамдық бақылау жасадық. Нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. 9 маусымға дейін сайлау учаскелерінің заң шеңберінде жұмыс істеуін, сайлаушыларды қабылдауға сақадай-сай дайын болуын басты назарда ұстайтын боламыз, - деді азаматтық платформаның аймақтық өкілі Асхат Өкшебаев.

Динара Жұмабекқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале