6.04.2017, 21:37
Оқылды: 25

Аманатқа адалдық

received_10208826877881671Сайлаушылармен кездесу барысында Орал қалалық N9 сайлау округінің депутаты Жантас Сафуллин есепті кезеңде атқарылған істерге кеңінен тоқталды.


Еске сала кетейік, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды қызметкерлерінің атына өткен жылы 70 депутаттық сауал жолданып, соның 37-сіне жауап келіпті.
Бұл жерде Орал қаласындағы қоғамдық көліктегі жолақыны 80 теңгеге дейін көтеру мəселесі талқыға түскен кезде Ж.Сафуллиннің өзінің азаматтық ұстанымын танытып, қалалық қоғамдық кеңес шешіміне тосқауыл болғандығын атап айтқан абзал.
received_102088268777616682016 жылы өткен қабылдауларда түрлі шағым-тілектерімен жүгінген азаматтардың бірқатар мәселелері оң шешімін тапты.
Атап айтсақ, Орал қаласы, Алмазов көшесі, 60-үйде тұратын қала тұрғыны Л. Самойлова тұрғын үйлерде газ жабдықтарын техникалық қараудан өткізудің бағасын негізсіз өсіру дерегі бойынша шағымданды.
Сол бойынша монополияға қарсы мекеме мен прокуратура «РЦКУ – Уральск» ЖШС-ның қызметін тексерді. Соның нәтижесінде бағаны негізсіз өсіргені үшін аталған мекемеге айыппұл салынды, ал тариф көлемі 4 конфоркалы газ плитасы үшін 1446 теңгеден 1056 теңгеге дейін кемітілді.
received_10208826877361658-1Сондай-ақ Х. Чурин көшесі, 136 және Еуразия даңғылы, 64-үй тұрғындарының өтініші бойынша қала әкімінің атына көрсетілген үйлердің ауласына Ықсанов көшесінен кірме жолдарды жөндеу туралы хат жолдаған. Мәселе оң шешімін тауып, кірме жолдарды жөндеу жұмыс жоспарына енгізілді.
Жергілікті кəсіпкерлердің қолдауымен ашылған "Аналар үйі" басшылығының өтініші бойынша қала көшелеріне банерлер орнатылды, олар туралы облыстық, аудандық басылымдарда жазылып, қоғам назарын аударуға қадам жасалды.
«УралКровАвто» ЖШС басшылығының қолдауымен мүгедек Сергей Шимкоға материалдық көмек көрсетілді.
Оған қоса қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жалғызбасты зейнеткер Сейфолла Құмаровқа бір жолғы көмек берілді.
Есептік кездесуге келген тұрғындар жиын барысында депутатқа өз өтініштерін, өзекті мəселелерді жеткізді. Негізінен Фрунзе, Елизаров көшелеріндегі жол жағдайы, Сенная, Рабочая көшелерінің бойындағы заңсыз сауда, базар маңындағы тазартылмайтын қоқыстар, жаз кезінде шіріген көкөністердің қолқаны қабар жағымсыз иісі, "Московский" базарының аумағындағы Əйтиев-Мұхит көшелерінің жол бөлігін жөндеу, т.б мəселелер көтерілді.
Сайлаушыларының шағымдарын мұқият тыңдаған халық қалаулысы бұл мəселелер бойынша өз құзіретінің шеңберінде жұмыстанатынын айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале