12.03.2017, 15:19
Оқылды: 18

Аналар түсті сайысқа

IMG-20170312-WA0025Орал қаласындағы Citi center орталыгында "Арнау Батыс" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ару аналар арасындағы сайыс өтті.


Сайысқа 10 ана қатысып, өз бақтарын сынады. Алғашқы кезеңде ұлттық киiмдер киiп үлгі көрсетсе, екінші кезеңде үйлерінен жасап әкелген түрлі тағамдарын әділ қазылар алқасының алдына қойып, ұпай сандарын арттырды.

IMG-20170312-WA0026Ал сайыстың үшінші кезеңінде кешкі көйлектермен сахнаға шыққан сайысқа қатысушы аналардың өнеріне көрермен қауым тамсана қол соғып қошемет көрсетті.

- Аналар мерекесіне орай осындай игi шараны ұйымдастыруды қолға алдық. Сайысқа катысушы аналарымыз өте көңілді. Күнделікті тірліктен бір мезет арылып, балаларының алдында оз өнерлерін көрсеткісi келген аналар үшін үлкен мүмкіндік.

IMG-20170312-WA0027Болашақта осындай шаралар көбірек болса дейміз. Аталмыш шараға демеушілік білдіргендерге алғысым шексіз,- дейді "Арнау Батыс" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бағдат Арыстанғалиева.

Темірболат ƏНУАРҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале