5.10.2017, 14:32
Оқылды: 25

Апаттан қаза тапқан оралдық ұшқыштың отбасына көмек көрсетіледі

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік марқұм болған ұшқыштың жанұясы мен тума-туыстарына қайғыра көңіл айтады. "Осы орай облыс әкімі Алтай Көлгінов Евгений Кутафиннің отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетуге тапсырма берді" деп айтылады хабарламада.

Айта кетейік, Алматы облысында апатқа ұшыраған АН-28 ұшағындағы екінші ұшқыш Евгений Кутафин Орал қаласынан еді. Отыз жасар Евгений жастайынан парашют спортымен айналысқан. Талай мәрте облыс құрамасы сапында жарыстарда алдыңғы қатардан көрінген. Кейін авиация академиясына түсіп, АН-2 ұшағымен ұшса, содан соң даярлықтан өтіп АН-28 ұшағына ұшқыш болған. Марқұмның соңында ата-анасы, әйелі және кішкентай баласы қалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале