1.03.2017, 14:38
Оқылды: 76

Апта соңына дейін 50 мекеме тексеріледі

Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында комиссия рейд жүргізді.


Тексеріс барысында облыстық мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов бастаған комиссия мүшелері «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Батыс Қазақстан облысының наркологиялық диспансері» МКҚК ғимаратына барып, пандустардың бұрышын, қадамдар биіктігін, табалдырықтар енін тексерді. Сондай-ақ, «Квант» ЖШС-ына, облыстық әкімшілік полиция басқармасына, «Мечта» сауда үйіне бару жоспарланды.

- Осы аптаның соңына дейін 50-ге жуық, ал жылдың аяғына дейін 200-ге тарта мекеме-ғимаратты тексеру жоспарланып отыр. Осы кезге дейін жолыққан ғимараттардың пандустары талапқа сай келмейтіндігі, зағип, құлағының мүкісі бар жандарға арналған электронды қызмет көрсету жүйесі жолға қойылмағандығы анықталды. Біз мекеме басшыларына ескерту жасадық,- деді облыстық «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Аймира Тарасқызы.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале