2.08.2017, 11:41
Оқылды: 23

Әр кәсіпкер «Даму» қорының кепілдемесін ала алады

Бұл туралы Батыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында  кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.


«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Ербол Иденов халыққа шағын несие беру мәселесіне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, қалалық жерлерде осы мақсатқа 294,7 млн. теңге және кепілдеме беруге 36 млн. теңге қаржы жұмсау жоспарлануда.

-Екінші деңгейлі банктерден несие алу барысында кепілдеме жетіспесе, кәсіпкер субсидиялау бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдемесін ала алады. Яғни, жұмыс істеп отырған кәсіпкердің банкке қойған кепілдемесінің құнынан екі есе артық мөлшерде несие алуына мүмкіндігі бар. Шаруасын енді бастаған кәсіпкерге біздің қор алатын несиесінің 85 пайызы көлемінде кепілдеме береді. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында жалпы құны 490,8 млн. теңге құрайтын 24 кепілдеме бердік», - деді Ербол Иденов өз сөзінде.

2016 жылдан бастап халықтың кәсіпкерлік салаға ынтасын оятуға, қабілетін қалыптастыруға қажетті Стартап-жобаларды қолдауға бағытталған «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобасы қолға алынды. Былтыр аталмыш жоба аясында 86 кәсіпкер оқудан өтсе, биыл жылдың алғашқы алты айында 43 кәсіпкер оқыды, олардың 17-сі Старт-ап жобасы арқылы біліктіліктерін арттырды.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале