20.03.2019, 11:11
Оқылды: 18

«Әр қазақстандықтың жүрегінде алып тұлға болып қалары хақ»

сахиповМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ия, бұл жағдай бәріміздің көңілімізді түсіріп, жабырқатып жібергені анық. Мен де бұл хабарды алғаш естігенде сенер сенбесімді білмей, көңілім құлазып, бойымда қимастық сезім орын алды. Себебі Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр қазақстандықтың жүрегінен жақсы қасиеттерімен, еңбекқорлығымен, көрегенділігімен, көшбасшылығымен, ақылдылығымен орын ала білген бірегей тұлға.

Елбасының еліміздің ең жоғары лауазымында қызмет атқарып келе жатқанына биыл 30 жыл толады. Сонау Кеңес империясы құлаған сәттен бері экономикасы құлдыраған қазақ елін Елбасы өзі бастап алға жетелеп, бүгінде әлем санасатын үлкен айбынды елге айналдыра білгеніне баршамыз куәміз. Елбасы ел басқарған жылдары ел тыныштығын, халықтың жағдайын әрқашан да бірінші орынға қойып, әлем елдерімен әрдайым да достық қарым-қатынаста, бейбіт келісімді ұстанып, халықтың бейбіт аспан астында жайдарлы өмір сүруіне жағдай жасап келген бірден-бір көреген саясаткер. Сондықтан Елбасымыз әр қазақстандықтың жүрегінде тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде бірегей алып тұлға болып қалары хақ. Елбасына бәрі үшін тек шынайы алғысымды білдіремін!

Болатбек Сахиев,

Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале