16.02.2017, 14:19
Оқылды: 56

Ардагер сақшылармен кездесу

БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы ішкі істер органдарының ардагерлерімен және жауынгер-интернационалистермен кездесу ұйымдастырды.  


БҚО ІІД баспасөз хатшысы Асылай Ғұбашеваның айтуынша, шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Шамин Александр Анатольевич, ІІО ардагері Аборкин Вячеслав Александрович, жауынгер-интернационалист Юсупов Марат Николаевич және қаладағы №13 орта мектеп оқушылары қатысты.

-Ауған соғысына қатысқан қанша жерлес, отандас сарбаздар елге оралмай қалды. Соның бірі - Ақсай қаласының тумасы Андрей Алексеев есімді жігіт. Менімен бірге барып, елге қайтар күннің кешінде менімен әңгімелесіп, ертеңгі таңғы сағат жеті шамасында ұшаққа отыратынын айтты, алайда соңғы сәтте жаудың оғына ұшты... Қазіргі уақытта Ақсай қаласында оның есімімен аталған көше бар, өзі оқыған мектепте арнайы бұрыш ашылған. Бейбіт ғұмырдың бағасын біліңіздер, - деді отты жылдар естелігімен бөліскен Марат Николаевич.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале