20.04.2017, 18:27
Оқылды: 62

Ардагер журналистің кітабы жарық көрді

лгкьфтпфдшум  Бүгін Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми - әмбебап кітапханасында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің жанынан құралған «Әдеби шаңырақ» жобасының ұйымдастыруымен ардагер-журналист, ҚР журналистер одағының мүшесі Аманкелді Ақмурзиннің «Осеняя рапсодия» кітабының  тұсаукесеріне арналған әдеби кеш өтті.

  Бүкілдүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күніне орай өткізілген шараға кітапхананың жас оқырмандары және зиялы қауым өкілдері қатысты.


   Ардагер журналист Аманкелді Меңдіғалиұлының өмірі мен шығармашылық жолынан мәлімет беріп, аталмыш кітаппен толық таныстыруды мақсат еткен шарада автор туралы слайд көрсетіліп, «Мысль проходящая через всю книгу» атты кітап көрмесі жасақталды.

  Тұсаукесерге қатысқан зиялы қауым өкілдері, Аманкелді Меңдіғалыұлының отбасы мүшелері автордың өнегелі өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, «Осеняя рапсодия» кітабы туралы өз ойларын ортаға салды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале