28.12.2016, 17:43
Оқылды: 63

Ардагерді еске алды

mirzahmet-nyrtai Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде еңбек және соғыс ардагері Мырзахмет Тәжімұқановтың 100 жылдық мерейтойына байланысты еске алу шарасы өтті.


  Оған қатысқан ардагердің ұрпақтары, тума-туысқандары, көзкөргендер мен өлкетанушылар естелік сөз сөйледі. Музей қызметкері  «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында дайындалған көрмемен таныстырды. Бірнеше әйнек сөреде ардагердің және оның отбасының фотосуреттері, төсбелгілері, баспасөз бетінде жарияланған материалдар, құжаттар қойылған.

  Айта кетейік, есімі Ақжайық өңіріне кеңінен таныс еңбек және соғыс ардагері Мырзахмет Тәжімұқанов Сырым ауданының тумасы. Орал педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген соң, бұрынғы Гурьев (Атырау) облысындағы мектепте ұстаздық қызмет етіп жүрген жерінен Батыс майданға аттанады. Сталинград шайқасына қатысады. Кейін Брянск, І Украин майдандарындағы жорықтарда көзге түседі.

  «Отан соғысы» ордені, «Қызыл Жұлдыз» бен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен  марапатталады.

  Елге оралған соң, жергілікті партия органдарында ірі лауазымды қызметтер атқарып, өңірдің экономикалық тұрғыда дамуына үлес қосады.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале